🔷Қазақстан халықтар тілдері күнінің аясында «Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы» КММ ұйымдастыруымен «Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаты» КММ-де тіліміздің ұлттық маңыздылығын көрсете отырып, тіл мәртебесін көтеру және қоғамға ой туғызу мақсатында «Тіл – ұлттың айнасы» атты ойталқы өтті. Бұл іс –шараға облыстың қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері қатысты. Ұйымдастырылған ойталқыда бүгінгі таңда маңызды болып отырған мемлекеттік тіліміздің дамуы мен мәртебесін арттыру сұрақтары қарастырылды.