2022 жылғы 18 қараша «Солтүстiк Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ «Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы» КММ ұйымдастыруымен М. Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойы аясында «Қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы» тақырыбында өткен облыстық эссе байқауының қорытындысы.
Байқаудың облыстық кезеңіне 8-11 сыныптың 60 оқушысы қатысты. Байқау «Мағжан жырларындағы табиғат көрінісіндегі ерекшеліктер» (8-9 сыныптар), «Батыр Баян поэмасында отансүйгіштік қасиетті қай кейіпкердің бойынан көре аласың?» (10 сыныптар), «Мағжан поэзиясындағы философия» (11сыныптар) номинациялары бойынша өтті. Жеңімпаздар бірінші, екінші, үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталды.
http://cdn1.kdt.kz/files/sites/43/files/18%2011%202022/«ҚАЗАҚ%20ӘДЕБИЕТІНІҢ%20ЖАРЫҚ%20ЖҰЛДЫЗЫ»%20%20эссе%208-11%20сынып%20қортындысы.pdf