Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына
Жолдауы.
2017 жыл 31 қаңтар.
Алқаағаш негізгі мектебінің ұжымы Қазақстан Республикасының Президентінің Жолдауын үлкен шабытпен қабылдады.
Жолдау өткен күнге есеп беріп болашақты жоспарлаудың бірден-бір құралы.
Мектеп директоры Жумагулова Б.Қ. ұжымды Жолдаумен таныстырды.
Еліміз өзінің 25 жылдық даму кезеңінен абыроймен өтті. Біз елімізді мақтан тұтамыз. Табыстарымыз бен жетістіктеріміз туралы Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойында атап өттік. Оларды бүкіл әлем біледі және жоғары бағалайды.
Бес негізгі басымдығы айтылды.
Осы жолдау арқылы еліміздің әр азаматына жаңа жағдайдағы даму бағытымыз жөніндегі өз көзқарасымды жеткізгім келді. Үкіметке «Қазақстанның ұлттық технологиялық бастамасы» деп аталатын Елді үшінші жаңғырту жөніндегі 2025 жылға дейінгі дамудың стратегиялық жоспарын әзірлеуді тапсырамын. Бізде уақыт талабын лайықты қабыл алып, елімізді одан әрі жаңғырту жөніндегі міндеттерді орындаудан басқа жол жоқ. Біздің ұлы халқымыз бірегей тарихи мүмкіндікті толықтай пайдалана алатынына сенемін.
2.Жолдау бойынша пікірлер.
Бегалина А.Б. – тәрбие ісі жөніндегі орынбасар.
Жолдауда қазақстандықтардың әлеуметтік жағдайын жақсарту жайына ерекше назар аударылған. Елбасының тапсырмасымен қабылданған «Нұрлы жер» бағдарламасы алдағы 15 жыл ішінде 1,5 миллион адамды баспамен қамтамасыз етуді көздейді. Алғашқы 250 үйді салу үшін құрылыс компаниялары тартылып, баспаналардың типтік жобалары жасалған. Ал әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғындарға арналып үй құрылысы жүргізілмек.
Жакина Г.Ж.- оқу ісі жөніндегі орынбасар.
Біз әркез Нұрсұлтан Әбішұлының қолдауын сеземіз. Ол әрбірімізді жігерлендіріп, ертеңгі күнге деген сенімімізді арттырады. Бұл жолы да халыққа сенім артатынын айтты. Әсіресе, жастарға мол мүмкіндік берілген. Шетелдерде білім алып жатқандар бар. Енді кәсіптік-техникалық білім беру тегін жүзеге асырылмақ. Бұл өте дұрыс шешім, экономика дамыған сайын жұмыс күшіне деген сұраныс артады.
Сураганова М.А. – ағылшын тілі мұғалімі.
Шағын және орта бизнес, денсаулық сақтау мен білім салаларын дамыту мақсатында қолға алынған реформалардығ жай-жапсарына да тоқталды. Осы жазда міндетті медициналық сақтандыру енгізіле бастаса, алдағы жылдары мектептерде кейбір сабақтарды ағылшын тілінде оқыту қолға алынатыны айтылды. Ол бізді қуантады.
Тасмағанбетова А.Қ. – бастауыш сынып мұғалімі.
Елбасы қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайту қажеттігін алға тартты. Қазіргі таңда ауыл мектептерінің материалдық – техникалық базасы нығаюда, ұстаздардың біліктілігін арттыруға көп көңіл бөлінуде. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бәсекеге қабілетті, білімді жастарға үнемі сенім артады.