«Жаңашыл мұғалім – заман талабы» тақырыбында ақпанның он жетісі күні «Социалистік Еңбек Ері Е.Шайкин атындағы орта мектебінде» КММ аудандық білім үйлестіру орталығының ұйымдастыруымен бастауыш сынып мұғалімдері арасында аудандық семинар өтті. Шараның ашылуында АББ әдіскері Айым Айдаровнамен оқу ісінің меңгерушісі Марина Петровна сөз сөйлеп, ұстаздар қауымына сәттілік тіледі.Құралай Төлегеновна Қожаева ұстаздармен тренинг өткізіп,семинардың тақырыбын ашты. Семинарда жаңашыл бастауыш сынып мұғалімдерінің ашық сабақтары оқушылардың қызығушылығын тудырды. Бұл семинарда Гүлгүл Әзімқызы Жұмағұлова,Әйгерім Қайрақбайқызы Ақпаева жаңа бағытта ашық сабақтар өткізді.Ғаббасова Гүлнұр Сейтқасымқызы мұғалімдермен шеберлік сыныбын өткізді. Әр өткізілген ашық сабақтармен шеберлік сыныбы өз құндылығымен ерекшеленді. |
«Социалистік Еңбек Ері Е.Шайкин атындағы орта мектебі» КММ
III-деңгейлі бастауыш сынып мұғалімі Г.Ә.Жұмағұлова